Ақтөбе қаласы «Аманат-Балақай» бөбекжай балабақшасы  төрт қабатты тұрғын үй жанындағы 2012 жылы 145 балаға арналып салынған ғимарат.Сол кезден бастап бұл балабақша бір күн жұмысын тоқтатпай бала тәрбиесімен айналысты.

Барлық тәрбие жұмыстары қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.Балабақша бойынша жалпы 10 топ бар. Жобалық қуаттылығы 145 орын.

Ондағы балабақшада, қажетті құралдармен, ойыншықтар мен толық жабдықталған, оқу, ойын және ұйықтау бөлмелерінен басқа, логопед, хореография, дәрігерлік кабинет пен тұзды шахтасы мен музыкалық және спорттық залы да бар.